Италияда карнавалдар маусымы ашылды

Италияда карнавалдар маусымы ашылды
Сурет: AP Photo/Antonio Calanni

Карнавалдар бағдарламасында қайықтар шеруі, сәнді сарайлардағы балдар, Арсенал верфьтері және Сан-Марко алаңындағы музыкалық қойылымдар бар. Ұйымдастырушылар венециялықтар мен туристерді костюм таңдауға шығармашылықпен қарауға шақырды. Биылғы тақырып – астрологияның жеке тұлғаға әсері және жұлдызнама белгілерін «экстравагантты» көрсету.

Венецияда карнавалдар маусымы ашылды. Мереке пандемиядан кейін алғаш рет бұрынғы сипатта өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қаладағы іс-шаралардың көпшілігі тегін, палаццодағы кештер билетпен өтеді. Венецияда және басқа да лагуна қалаларында мерекелер 21 ақпанға дейін жалғасады.
Апенниндегі тағы бір ірі карнавал Тоскана аймағындағы – Виареджода басталды. Жергілікті деңгейдегі бұл карнавал венециялық карнавалға қарағанда жасырақ – биыл оған 150 жыл болады. Мұнда халықтық мерекелерді саяси сатирасыз және өзекті мәселелерді мазақ етпестен елестету мүмкін емес. Лигурия теңізінің жағалауындағы карнавалдың басты белгілерінің бірі – атақты адамдардың папье-машеден жасалған алып фигураларының шеруі.