Алматыда доллардың сату бағамы 473 теңге болды

Алматыда доллардың сату бағамы 473 теңге болды
Сурет: Kapital.kz

Қор нарығында доллар қымбаттады.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,57 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 473,91 теңге.

Ұлттық банктің 14 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 473,45 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 473 теңге, сатып алу – 477 теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 471 теңге болса, сатып алу құны – 475 теңге.