Жұма күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Жұма күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Сурет: Kapital.kz

Бірлескен отырыс 16 қыркүйекте өтеді.

Мәжіліс төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2- тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 16 қыркүйекте сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», - деп жазылған Өкім мәтінінде.