Алматыда демалыс күндері ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Алматыда демалыс күндері ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
Сурет: Ашық дереккөз

Алдағы демалыс күндері Алматыда жақын елді мекендерде өндірілетін ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жәрмеңкеге Алматы облысының Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының шаруалары қатысады. Қала тұрғындарына 50-ден астам азық-түлік түрлері ұсынылады, оның ішінде ет, сүт, шұжық, ұн, май өнімдері мен дәнді дақылдар бар.

Ауылшаруашылық жәрмеңкесі демалыс күндері мына мекенжайларда өткізіледі:
1. Алмалы ауданы (Гоголь – Масанчи көшелерінің қиылысы);
2. Бостандық ауданы ("Қазақфильм" ықшамауданы);
3. Әуезов ауданы (Абай-Өтеген батыр көшелерінің қиылысы);
4. Медеу ауданы (Мендіқұлов-Бектұров көшелері және Шевченко-Қонаевта);
5. Түркісіб ауданында ("Жұлдыз" ықшамауданы). 

Жеткізілетін өнімнің жалпы көлемі – 250 тонна, оның ішінде ет өнімдері – 40 тонна, жемістер мен көкністер – 130 тонна, сүт өнімі – 15 тонна, балық өнімі – 5 тонна, өзге өнімдер – 60 тонна.