Алматыда дәрілік препараттарды заңсыз алып өтпек болғандардың жолы кесілді

Алматыда дәрілік препараттарды заңсыз алып өтпек болғандардың жолы кесілді
Сурет: Ашық дереккөз

Адам денсаулығына зиянды препараттар

Алматы халықаралық әуежайынан салмағы 92,5 келі болатын адам денсаулығына зиян препараттарды заңсыз әкетпекші болғандар ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кедендік бақылау барысында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Жетісу» кеден бекетінің лауазымды тұлғалары Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті және ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Алматы қаласы Авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен ҚР аумағынан Үкімет қаулысымен бекітілген адам денсаулығына зиянды препараттарды заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.

«Бұл салмағы 92,5 келі болатын 2923 пакет мөлшеріндегі дәрілік препараттар биологиялық белсенді қоспа саналады. Сонымен қатар, кедендік сараптаманың нәтижесінде биологиялық белсенді қоспалар таблетка және ампула түрінде оралғаны, ҚР аумағында экспорты мен импорты шектеулі болып табылатын күшті анаболикалық стероидтер екені анықталды. Бұл дерек бойынша материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді», - деп хабарлады Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.