Ашық есік күні аясында жүздеген алматылық онкологтардың кеңесін алды

Ашық есік күні аясында жүздеген алматылық онкологтардың кеңесін алды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

44 науқас іш қуысының ультрадыбыстық диагностикасынан өтті.

Өткен сенбіде Алматы онкологиялық орталығында өкпе, асқазан, ұйқы безі, қуық асты безі қатерлі ісігінің алдын алу және ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Аталған шара аясында кеуде және құрсақ қуысының қатерлі ісігіне күдікпен 23 адам компьютерлік томографияға жіберілді.

44 науқас іш қуысының ультрадыбыстық диагностикасынан өтті.

Мұндай іс-шаралар қоғамның назарын онкологиялық аурулар проблемасына аудару үшін, онкологиялық қырағылық пен халықтың онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау, скринингтік бағдарламаларға қатысудың маңыздылығы туралы хабардар ету мақсатында өткізіледі.

Орталық онкологтары қатерлі ісік ерте сатысында анықталса, 95% дерлік жағдайда емдеудің жоғары нәтижесіне қол жеткізуге болатынын қайталаудан жалықпайды.