Алматыда бизнес иелерінің қатары артып келеді

Алматыда бизнес иелерінің қатары артып келеді
Сурет: Inform.kz

Қалалық кәсіпкерлер палатасы берген мәліметке сүйенсек, бүгінде 364 мыңнан астам адам өз ісін дөңгелетіп отыр.

Әсіресе, шағын және орта бизнеске мықтап көңіл бөлінуде. Өткен жылы осы саланың өкілдерін қолдауға мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде 48 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таппақ. Өйткені, мемлекеттің дамуына ықпал ете алатындай, жауапкершіліктен қорықпайтын кәсіпкерлердің жаңа толқынын қалыптастыру керек. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күні кеше Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтқан еді. Шағын орта бизнес өкілдері мемлекет басшысының бұл пікірімен толықтай келіседі. Олардың айтуынша, кәсіркерлерді қолдау механизмдерін әлі де жетілдіре түсу қажет.

«Президентіміз нақты дәл айтып отыр. Ел боламыз десек осы кәсіпті бірігіп көтеру керекпіз, өну керекпіз. Мен қазір шағын ғана кәсіпкермін. Маған өсіп-өну үшін, қондырғылар алу үшін, жақсы жұмысшылармен жұмыс істеу үшін қаражат қажет. Үкімет бізге екі пайызбен қаражат берсе екен деймін. Егер беріп жатса, өндірісімізді кеңейтіп, шығарған заттарымызды көбейтетін едік», - дейді кәсіпкер Сандуғаш Есенбекова.