Алматыда бірнеше мопед ұрлығына қатысы бар жігіттер ұсталды

Алматыда бірнеше мопед ұрлығына қатысы бар жігіттер ұсталды
Сурет: Іibb.uz

Медеу ауданының полиция қызметкерлері мопедтерді ұрлау деректерін ашты.

Алматыда бірнеше мопед ұрлығына қатысы бар төрт жігіт ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (Ұрлық) бойынша бірнеше рет бөтен біреудің мүлкін жасырын жымқыру бойынша қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікке іліккен 19 жастағы Ч. есімді, 18 жастағы С. есімді, 19 жастағы С. есімді, сондай-ақ кәмелетке толмаған 17 жастағы М. есімді жігіт ұсталды. Олар заңсыз баю мақсатында түнгі уақытта тұрғын үйлердің ауласынан мопедтерді ұрлаған. Аталған адамдар ұрлық жасағандарын мойындады. Қазіргі уақытта олардың жалпы Алматы қаласы бойынша осыған ұқсас, бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Осы адамдардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар Медеу аудандық ПБ-ға немесе мына телефондар арқылы хабарласуларын сұраймыз: 8 (727) 254-48-02, 254-48-10, 8-702-476-66-60», – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.