Автобуста бұрынғы әйеліне пышақ ала жүгірген алматылық екі айға қамалды

Автобуста бұрынғы әйеліне пышақ ала жүгірген алматылық екі айға қамалды
Сурет: скрин

Қаулы заңды күшіне енген жоқ

Алматыда автобуста бұрынғы әйелін пышақтамақ болған ер адам екі айға қамауға алынды,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«10 тамыз күні Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні 2 айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ»,- деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Алматыда ер адам қоғамдық көлікте бұрынғы әйеліне пышақтамақ болғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Алматы әкімі әлгі әйелді құтқарған Райымбек Медетбекті марапаттады.