Алматыда бір тәулік ішінде 552 адам коронавирусқа қарсы екпе алды

Алматыда бір тәулік ішінде 552 адам коронавирусқа қарсы екпе алды
Сурет: Interfax.ru

267 866 қала тұрғыны ревакциналаудан өтті.

Алматыда бір тәулік ішінде 552 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Оның ішінде І компонентін 178 адам, ІІ компонентін 374 адам салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы жылдың 8 наурызы аралығында қалада 1 147 412 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 106 573 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде жасы 60-тан асқан қарттардың саны 125 041 адамды құрайды», - делінген Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасын 57 498 адам салдырды. Оның ішінде 3 289 жүкті әйел, 12 586 бала емізетін ана және 41 533 жасөспірім бар. 267 866 қала тұрғыны ревакциналаудан өтті.

«Бүгінгі таңда қалада медицина мекемелерінде 137 вакциналау пункті жұмыс істейді. 175 вакциналау бригадасында 555 медицина қызметкері жұмылдырылды», - делінген Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.