Алматыда белгісіз ер адам көшеде қызды соққыға жықты

Алматыда белгісіз ер адам көшеде қызды соққыға жықты
Сурет: Elorda.info

28 жастағы Алматы тұрғынына белгісіз ер адам шабуыл жасады.

Жәбірленушінің айтуынша, оны бейтаныс ер адам еш себепсіз соққыға жыққан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Кеше түнде үйдің маңында бейтаныс адам маған шабуыл жасап, басымнан қан шыққанша, аямай ұрып, сосын өзі келген жаққа қарай қашып кетті. Мен дереу полицияға хабарластым, алайда олар әлі бейнекамераларды тексерген жоқ. Оның түрін есімде сақтап қалдым. Мен бұл істі жауып тастай ма деп қорқамын», - деп жазды жәбірленуші Instagram-дағы парақшасында.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлім етті.

«Қыздың алған дене жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл оқиға 16 тамызға қараған түні Медеу ауданында болған. Тергеу барысы қалалық полиция басшылығының бақылауына алынды», - деп атап өтті Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.