Алматыда баспанасыз қалған студенттерден екі айда 200-ге жуық қоңырау түсті

Алматыда баспанасыз қалған студенттерден екі айда 200-ге жуық қоңырау түсті
Сурет: Halyq-uni.kz

Алматыда баспанасыз қалып, қиын жағдайға тап болған студенттерге көмек көрсету үшін құрылған жедел штаб бар. 

Екі айда 200-ге жуық қоңырау түсті. Хабарласқандардың арасында студенттер мен ата-аналар, қонақ үйлер мен хостелдердің иелері, қарапайым қала тұрғындары да бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

137 студент баспанаға мұқтаж екенін айтқан. Оның 58-і - бірінші курс студенті. Оларға басқа оқу орындарының жатақханаларынан, қонақүйлер мен хостелдерден орындар ұсынылды. Алматыда 35 жоғары оқу орны бар, онда 190 мыңнан астам студент білім алады. Қазір оларға құны 12-15 теңге аралығындағы бөлмелер ұсынылып отыр. Сондай-ақ, университеттер мен колледждер хостелдермен келіссөздер жүргізіп жатыр.