Тоқаев Украина Президентімен сөйлесті

Тоқаев Украина Президентімен сөйлесті
Сурет: Ақорда

Екі ел басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселесін талқылады

Мемлекет басшысы Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Украина тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселесін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық нормалары негізінде дипломатиялық жолмен шешуге қатысты Қазақстанның ұстанымын растады.