Ерлан Қошанов: 82 пайызға таяу халық Президентті қолдады

Ерлан Қошанов:  82 пайызға таяу халық Президентті қолдады
akorda.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов кезектен тыс Президент сайлауында «Бәріне қарсымын» деген бағанның екінші орын алуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген спикер Ерлан Қошанов кезектен тыс өткен Президент сайлауы туралы пікір білдірді.

«Бұл - өзіңіз айтып тұрған екінші графаға дауыс берген сайлаушылардың құқығы, еркі. Оған мен баға бере алмаймын. Олардың өз ойы бар. Яғни, олар барлық кандидаттарға қарсы деген сөз. Халықтың ішінде әртүрлі көңіл-күй бар. Бірақ 82 пайызға таяу халық Президентті қолдайды дегенге саяды. Бүгінгі Президенттің жасап жатқан реформаларына, бағытына, бағдарламасына, тұрақтылыққа сенеді деген сөз. Әр адамның көңіл-күйі бірдей емес қой», - деді Мәжіліс спикері.