Алматыда «Барахолка» базары жанып жатыр

Алматыда «Барахолка» базары жанып жатыр
Сурет: видеодан алынды

Оқиға орнында 70 өрт сөндіруші жұмыс істеп жатыр.

Көкмайса-27 шағын ауданында қойма өртенді, деп хабарлады ТЖМ. Өрттің ауданы-3000 шаршы метр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Kris_p_almaty Telegram каналына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, шатыр ашық жалынмен жанып жатыр.

Жақын орналасқан әкімшілік ғимаратты қорғау үшін өрт оқпандары қойылды. 

Жедел штаб құрылды, өрт екі учаскеде сөндіріліп жатыр. 

Жеке автотехника кедергі жасады, өзара іс-қимыл қызметтері нысанды токтан ажырату үстінде.  

«Оқиға орнында жеке құрам қауіпсіздік техникасын сақтай отырып сөндіріп жатыр. Өйткені қоймада жарылғыш заттар бар. Жұмысты сол қиындатып тұр. Қала бойынша жағдай бейнебақылау арқылы ТЖД бақылауында», деп хабарлады ведомстводан. 

Өртті сөндіруге 92 маман мен 25 техника жұмылдырылған.