Алматыда балалар сурет көрмесі ашылды

Алматыда балалар сурет көрмесі ашылды
Сурет: Ашық дереккөз

Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілік

Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде «Шығармашылық алаң» атты балалар сурет көрмесі ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Көрмеге Алматы қаласының 100-ден астам балалар шығармашылығын дамыту және бейнелеу өнер орталықтарының оқушылары қатысып, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер жанрдағы әртүрлі жұмыстарын ұсынды.

       

 Балалардың көрмеге қатысуы оларға еліміздің тарихы, өнері мен мәдениетімен танысуға, туған жерінің ұлттық құндылықтары, дәстүрлері мен сұлулығы туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік береді, бұл Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілікті оятады. Сондықтан жас суретшілер өз жұмыстарында қоршаған әлемге, елдің өткені, бүгіні және болашағы туралы өз көзқарастарын білдіруге тырысты. Балалар Қазақстанның тарихы, мәдениеті, табиғатымен байланысты түрлі аспектілер мен сюжеттерді бейнелейді.

 Көрмеге Алматы қаласының «Да Винчи», «By ArT», «АртМикс», «Білім студиясы», «Класс», «ДАРиЯ» балалар шығармашылық даму орталықтарының оқушылары қатысты, сондай-ақ концерттік бағдарламаны белсенді қатысушылары, музейдің серіктестері - «Семь чудес света» балалар театры, «Ай-кербез» би тобы мен «Фиеста» би ансамблі қолдады. 

«Шығармашылық алаң» көрмесін ҚР МОМ директорының орынбасары Сержан Саров, шығармашылық мектептердің жетекшілері Елена Исакова және Анна Чернышева ашты.

 «Шығармашылық алаң» атты көрмесінде балалардың 100-ден астам туындылары қойылған.
 Көрме 12 сәуірге дейін жалғасады.