Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлттық құрылтай құруды ұсынамын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлттық құрылтай құруды ұсынамын
Сурет: 7-su.kz

Құрылтай - қоғамдық диалогтың біртұтас институционалдық моделін қалыптастыруға тиіс.

Мемлекет басшысы ұлттық құрылтай құруды ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Біз бірліктің бастауы болған дала демократиясының бастауын жалғастыруымыз керек. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз міндетін табысты атқарды. Енді оның орнына құрамы жағынан ауқымды ұлттық құрылтай құруды ұсынамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Оның айтуынша, жаңа құрылым ұлттық кеңестің қызметін орталық деңгейде жалғастыратын болады. 

«Құрылтай қоғамдық диалогтың біртұтас институционалдық моделін қалыптастыруға тиіс. Сөйтіп, билік пен халықтың арасындағы дәнекерге айналатын болады. Қазіргі қоғамдық кеңестің бәрін өз айналасына топтастырады. Ұлттық құрылтайдың құрамында барлық аймақтың өкілдері болады. Сондай-ақ, оған Парламенттің бірқатар депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы, азаматтық альянс, қоғамдық кеңес пен ұйымдардың мүшелері, белгілі мемлекет қайраткерлері және тағы басқа кіреді», - дейді ол.