Алматыда автобус апатынан зардап шеккен 14 адам ауруханаға жеткізілді

Алматыда автобус апатынан зардап шеккен 14 адам ауруханаға жеткізілді
Сурет: видеодан алынды

Алматыда Райымбек даңғылы бойында үш автобустың соқтығысуы салдарынан 17 адам зардап шекті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Зардап шеккен 14 адам ауруханаға жатқызылды.

"Олар қабылдау бөлімінде қаралып жатыр. Барлық науқастардың жағдайы орташа ауыр. Қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілген", - делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Айту керек, үш адам ауруханаға жатудан бас тартқан.