Жәнібек жұдырықтасатын күн белгілі болды

Жәнібек жұдырықтасатын күн белгілі болды
Сурет: ашық дереккөз

Боксшы әлем чемпионы атағын екінші рет 13 мамырда АҚШ-та қорғайды.

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі өтетін күн мен қарсыласы белгілі болды.

Бұл туралы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан Facebook-те жазды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Боксшы өзінің әлем чемпионы атағын екінші рет 13 мамырда АҚШ-тың Калифорния штаты Стоктон қаласында қорғайды. Ол 27 жастағы канадалық былғары қолғап шебері Стивен Батлермен қолғап түйістіреді. 

Бұған дейін Qazaq Style WBO рейтингінің үздігі Лиам Смитпен жұдырықтасады деп жарияланған болатын. Алайда ол осы жазда Крис Юбанкпен шаршы алаңға шығады.