Алматыда атыс болып, 5 адам қайтыс болды

Алматыда атыс болып, 5 адам қайтыс болды
Сурет: 24.kz

"Ақбұлақ" шағынауданында қайғылы оқиға орын алды, қаза болғандар бар

Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, атыс кезінде бес адам қайтыс болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оқиға 20 қыркүйек күні кешкі сағат бестің шамасында орын алған.

Алдын ала болжамдар бойынша, атыс "Ақбұлақ" шағынауданы, Сыздықов көшесіндегі мекенжайлардың бірінен шыққан. Сот қаулысын орындау барысында жеке үй тұрғындарының бірі қарсылық көрсетіп, оқ жаудырған.  Қаза болғандардың арасында учаскелік полиция инспекторлары, сот орындаушылары және азаматтық тұлғалар бар.

Аталған оқиғаға байланысты әлі нақты мәліметтер берілген жоқ.

Тергеу жүргізілуде.