Алматыда Атагелді Ысмайлов тұрған үйге мемориалды тақта орнатылды

Алматыда Атагелді Ысмайлов тұрған үйге мемориалды тақта орнатылды
Сурет: Almaty.tv

Ол кино мен театрдағы қызметінен бөлек, дубляж саласында да өшпес із қалдырды

"Қазақ өнерінің тарихында аты «Аташ аға» деп жатталған белгілі актер Атагелді Ысмайлов тұрған үйге бүгін мемориалды тақта орнатылды", - дейді көзкөргендер.

«Ол кісі өте сабырлы. Ешқашан дауыс көтергенін естімеппін. 10 жылдай бірге істедік, бір сахнада әріптес болдық. Сонда бір, бір нәрсеге қатты ренжіп, ашуланып, дауыс көтергенін естіген емеспін. Қай уақытта да осы сабырлы мінезінен танбаған», – деді актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Әлпейісов.  

«Адамдығымен асқақ болған ұстаз мамандықта да тым биік еді», - дейді Ысмайловтың шәкірттері. Жүктелген рөлге мұқият кірісіп, әр сөзіне мән беретін әртістің ойыны қазақ театр өнерінің жарқын үлгісіндей жарқырап тұр. Ал оның дубляждағы сауаты өз алдына өзгеше тарих.

«Ол кісі өзі үйретуден де жалықпайтын. Былай жетектеп, сахнаның сыртына алып шығып, «Балам, сен мынаны былай істе» деп үйрететін. Сол кісілердің тәрбиесін көріп өстік. Қазір өзіміз де сол кісілердің жасына келдік. Ол кісіні ешқашан ұмытпаймыз, есімізде сақтаймыз», – деді актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қадырғазы Қуандықов.