Қарағандыдағы кен орнында 24 жастағы жұмысшы қаза тапты

Қарағандыдағы кен орнында 24 жастағы жұмысшы қаза тапты
Сурет: Ашық дереккөз

Оқиға Ақжал кен орнында болды.

Қарағанды облысындағы Челябинск мырыш зауытының еншілес компаниясы «Nova Цинк» ЖШС жұмысшысы кен үйіндісінің астында қалып, қайтыс болды деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқармасының ақпаратынша, оқиға Ақжал кен орнында болды. Онда қорғасын-мырыш өндіріледі. Кенді қопсыту жұмыстарын жүргізу барысында жұмысшы бункерге құлап кеткен, үстін кен ағыны басып қалған. Нәтижесінде жұмысшы тыныс алу жолдарының асфиксиясынан қайтыс болды.

«25 қаңтарда кенді итермелеу бойынша жұмыс жүргізу барысында қабылдау бункерінде 1999 жылы туған жұмыскер қайтыс болды», – деп хабарлады өндіріс орнынан.

Бұл факт бойынша арнайы комиссия құрылды, жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр. Марқұмның туған-туыстарына кәсіпорын басшылығы жерлеу рәсіміне көмек көрсететінін айтты.