Елімізде алдағы жылдары 22 алма бағы салынады

Елімізде алдағы жылдары 22 алма бағы салынады
Сурет: Inform.kz

Бұл алма импортын толығымен өз өнімімізбен алмастыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанда 2025 жылға қарай 22 алма бағы салынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«2021 жылы алма импортының үлесі 99,4 мың тоннаны құрады. Ал өзіміздің өнімнен 262,8 мың тонна жиналды. Импортты толық алмастыру 2025 жылға қарай 8,2 мың гектар алаңда 22 бақша салу есебінен жоспарланып отыр», – деді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында.