Қостанай облысы: Аманқарағай және Озерное ауылдарындағы өрт оқшауланды

Қостанай облысы: Аманқарағай және Озерное ауылдарындағы өрт оқшауланды
Сурет: Inform.kz

Аманқарағай және Озерное ауылдарындағы өрттер оқшауланды, қазіргі уақытта жеке ошақтарды сөндіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Аманқарағай ауылындағы (әкімшілік ғимарат) және Лесное ауылындағы мұнай базасының аумағындағы өрттер сөндірілді. От бензин тиелген резервуарлар мен дизель отындарына тиген жоқ.

Аманқарағай және Озерное ауылдарындағы өрттер оқшауланды, қазіргі уақытта жеке ошақтарды сөндіру жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғындар мен өрт сөндіруге қатысушылар арасында адам шығыны тіркелген жоқ» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, 10 адам (5 адамы, бір кәмелетке толмаған адамды қоса алғанда, 1 орман шаруашылығының қызметкері, 1 әкімдік қызметкері, 3 ТЖМ қызметкері) жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат, күйік алып, уланды. Олардың 4-еуі орталық аудандық ауруханада, 6 тексеруден кейін және көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.

Жағдайдың жақсаруына байланысты р-36 республикалық маңызы бар автожолындағы қозғалыс және темір жол (поездар) бойынша поездар қозғалысы толық көлемде қайта жанданды (№82, 43, 51, 37, 622 поездар, барлығы-908 жолаушы).

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 4 қыркүйекте Қостанай облысының Әулиекөл ауданында жоғары температура 28 градусқа дейін, желдің жылдамдығы секундына 9 метрге дейін сақталады.