Алматыда Астана күніне орай гофрокартон өндірісі іске қосылды 

Алматыда Астана күніне орай гофрокартон өндірісі  іске қосылды 
almaty-akshamy.kz

Гофрокартон шығаратын "Интер Мульти Сервис" ЖШС-нің жаңа цехы жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Кәсіпорын Алматы қаласының Түрксіб ауданында орналасқан. 

Аудан әкімдігінің айтуынша, жоба жылына 40 мың тоннаға жуық қайталама шикізат – макулатураны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл экологияға пайдалы және гофрокартон өндіру кезінде жергілікті  үлесті арттырады. Өндіріс қуаты жылына шамамен 2,3 мың тонна өнімді құрайды. 

Мұнда 140 адам қызмет істейді. Сондай-ақ жаңа өндірістік желіні іске қосу үшін 30 жаңа жұмыс орны ашылады. Инвестиция сомасы 1,5 млрд. теңгені құрайды.