Алматыда алаяқтық жасап, айласын асырған әйел ұсталды

Алматыда алаяқтық жасап, айласын асырған әйел ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда бірқатар алаяқтықпен айналысқан әйел ұсталды.

Ақтау қаласының 57 жастағы тұрғыны аңғал азаматтарға пәтер мен көлікті нарықтағы құнынан төмен бағамен сатып алуды ұсынған. Жәбірленушілердің қаражатын иемденіп алған әйел оны өз қажеттіліктеріне жұмсаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің 3 алаяқтық дерегіне қатысы дәлелденді. Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ұсталған азаматша қамауда отыр, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.