Алимент төлеуден жалтарған алматылық 1 жылға бас бостандығынан айырылды

Алимент төлеуден жалтарған алматылық 1 жылға бас бостандығынан айырылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Атқарушылық іс жүргізуді қадағалау және кәмелетке толмағанның құқықтарын қорғау мақсатында Алатау ауданы прокуратурасы ҚР ҚК 139-бабы бойынша қылмыстық іс тіркеді.

Яғни, айыпталушы балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сот талқылауы барысында сотталушының кінәсі дәлелденді, сонымен қатар борышкердің бір жылдан астам уақыт бойы алименттерді төлеу бойынша өз міндеттерін қасақана орындамағаны, төлемнен жалтарып, өзінің нақты табысын саналы түрде жасыру нәтижесінде 5 289 106 тенге берешек пайда болғаны анықталды.

13.03.2024 жылы Алматы қаласының кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы В.А.Н. ҚР ҚК 139-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Кінәліге қатысты 1 жыл бас бостандығынан шектеу бүкіл кезеңге пробациялық бақылау тағайындаумен, жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбек түріндегі жазалау шаралары қолданылды (Үкім заңды күшіне енді).