Алматыда медициналық инфрақұрылымның жайы қандай?

Алматыда медициналық инфрақұрылымның жайы қандай?
Сурет: Іnformburo.kz

Шаһар басшысы медициналық инфроқұрылым жайымен танысты

Алматыда медициналық инфрақұрылымның қалай дамып жатқаны туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Іnstagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Әбдірұлы өзінің әлеуметтік желісінде жазды.

«Бүгінде денсаулық сақтау нысандарын жабдықтау көрсеткіші 91,5%, ал анестезиология, реанимация мен қарқынды терапия бөлімшелерінің жабдықталуы 100%-ға дейін жетті.

Жедел медициналық жәрдемнің жұмысы жақсарды. Үш жаңа қосалқы станса салынды. Бригадалар саны екі есеге артты. Автопарк 70% жаңартылды.

Балаларға шұғыл көмек көрсету орталығы мен №2 БЖКБ қосымша корпусының құрылысы, паллиативтік көмек орталығы бар жаңа онкологиялық орталықтың және Медеу ауданында көпбейінді стационардың ғимараттары бой көтеруде», - деп жазды қала әкімі.