Алматыда «Әскер барысы 2023» турнирі өтеді

Алматыда «Әскер барысы 2023» турнирі өтеді
Сурет: Ашық дереккөз

«Қазақстан барысы» республикалық турниріне жолдама

2023 жылғы 17 наурызда сағат 11.00-де Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының базасында әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен «Әскер барысы» атағына іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен күштік құрылымдардың атынан 28 команда құрамында елу алты мықты палуан (ҚР ҚК, ҚР ІІМ, ҚР ІІМ ҰГ, ҚР ҰҚК, ҚР МКҚ) «Әскер барысы» атағы үшін сайысқа түседі. Ақтық сынға шыққандар қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама алады.