Алматыда әртүрлі құқық бұзушылық жасаған 200-ден астам жасөспірім ІІО-ға жеткізілді

Алматыда әртүрлі құқық бұзушылық жасаған 200-ден астам жасөспірім ІІО-ға жеткізілді
Сурет: Polisia.kz

Оқушылардың тоқсандық демалысы аяқталды.

Екінші тоқсан қарсаңында Алматы полициясы компьютерлік клубтарды тексерді. “Мектеп” жедел алдын алу іс-шарасы аясында жергілікті рейдтер ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Түнгі рейдтердің негізгі бағыттары – түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдерінсіз жүрген 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді анықтау, балалардың қараусыз қалуының жолын кесу және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Іс-шара кезінде инспекторлар ойын-сауық мекемелерін тексереді, кәмелетке толмағандар тұратын қолайсыз отбасыларға барады, профилактикалық есепте тұрған жасөспірімдердің үйіне кіріп шығады, сондай-ақ жасөспірімдер шоғырланған орындарға барады. Ең өзектісі компьютерлік клубтар, біздің инспекторлар бірінші сол жақты тексереді. Тәжірибе көрсеткендей, кейбір балалар түні бойы ойын ойнап отырады», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Серік Шумаев.

Іс-шараны өткізу кезеңінде ІІО-ға әртүрлі құқық бұзушылықтары үшін 208 кәмелетке толмағандар жеткізілді, олардың көпшілігі әкімшілік құқық бұзушылық жасағандар.