Алматыда әріптесін атып өлтірген бұрынғы полицейге сот үкімі шықты

Алматыда әріптесін атып өлтірген бұрынғы полицейге сот үкімі шықты
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында абайсызда адам өлтірген полицейге қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2023 жылдың жазында сотталушы К. ғимаратты күзету мақсатымен, полиция департаментінің ғимаратына келген. Сотталушының әріптесі қызметтік қаруды алғаннан кейін, К.-дан белбеуін байлау үшін қаруды ұстай тұруына сұраған. Сотталушы болса қызметтік қаруды қолына алып, оны қолданудың ережелерін елемей, қаруды жоғары-төмен сермей бастайды. Абайсызда қарсы тұрған әріптесінің басынан атып, соңғысы оқиға орнында жан тапсырған. 

«Сот үкімімен сотталушы К.-ны ҚК 104-бабының 1-бөлігімен 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушінің пайдасына моральдық шығын үшін 10 миллион теңге және материалдық шығын үшін 3,5 миллион теңге өндірілді», - деп көрсетті Алматы соты. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.