Алматыда «Әділ сайлау үшін» қозғалысы өз жұмысын жалғастыруда

Алматыда «Әділ сайлау үшін» қозғалысы өз жұмысын жалғастыруда
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Штабқа Қазақстандағы және шетелдегі танымал заңгерлер кірді.

Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауынан хабар тарату жөніндегі баспасөз орталығының алаңында «Қазақстан заңгерлер одағы» Алматы қалалық филиалының төрағасы Бауыржан Мақұлбаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ол сонымен қатар «Әділ сайлау үшін» қалалық штабын да басқарады. Спикер 19 қараша үнсіздік күні болатынын, ол кезде үгіт-насихат жұмыстарына қатысты кез келген әрекеттерге тыйым салынатынын еске салды. Заңды бұзған жағдайда заңды жауапкершілік қарастырылған.

Еске салайық, қозғалыстың негізгі міндеті – заң қоғамдастығының сайлау науқаны барысына құқықтық бақылау жасау және сайлау процесіне қатысушыларға сайлау заңнамасын қолдану тәртібін түсіндіру. Штабқа Қазақстандағы және шетелдегі танымал заңгерлер кірді.

«Әділ сайлау үшін» қозғалысы басталған 27 қыркүйектен бастап Қазақстанның барлық қалаларында Президент сайлауын құқықтық қамтамасыз ететін филиалдар ашылды. Қозғалыс мүшелері барлық БАҚ-ын қамтыды, әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, қазақстандықтардың сұрақтарына жауап берді. Түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сайлау заңнамасын түсіндіріп, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп жатыр», - деді Б.Мақұлбаев.

Заңгерлер сайлауға алғаш рет қатысқалы отырған студент жастарға ерекше көңіл бөлді.

ӨКҚ спикері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңға сәйкес сайлау күні және оның алдындағы күні кез келген сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын айтып, толықтырды.

«Мен президенттікке үміткерлерді, олардың сенімді өкілдерін, штаб мүшелерін кез келген үгіт-насихат жұмыстарынан бас тартуға шақырғым келді», - деп еске алды «Әділ сайлау үшін» қалалық штабының басшысы.