Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 25 адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 25 адам қайтыс болды
Inform.kz

Қазақстанда өткен тәулікте 98 адамнан коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония анықталды және аталмыш дерттен 25 адам қайтыс болды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.


Сондай-ақ өткен тәулікте 31 адам коронавирус пневмониясынан жазылды. 2020 жылдың 13 наурызынан бері Қазақстанда коронавирус пневмониясымен 65765 адам ауырып, 4073 адам қайтыс болған. Жазылып шыққандар саны 56935 адамды құрап отыр.