Тілендиевтің таңдаулы туындылары орындалады

Тілендиевтің таңдаулы туындылары орындалады
almaty-akshamy.kz

КСРО Халық артисі, Халық қаһарманы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, композитор, күйші, дирижер Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің туған күніне орай, Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залында Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің «Атадан мұра» атты концерттік кеші өтеді. 

Оркестр репертуарында көптеген халық күйлері мен әндері, классикалық музыканың үздік үлгілері, қазақ және шетелдік көрнекті композиторлардың және Н.Тілендиевтің шоқтығы биік шығармалары қамтылған.  Аталған концертте талантты әрі танымал әртістер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлзат Дәуірбаева, Дина Хамзина, Айгүл Қосанова, Жұбаныш Жексенұлы, Нұржан Жанпейісов өнер көрсетіп, Н.Тілендиевтің таңдаулы туындылары орындалады

Күні мен уақыты: 1 сәуір, сағат 19.00.

Өтетін орны: Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы