Зейнетақы жинағын пайдалануға арналған жеткілікті шектің көлемі өсті

Зейнетақы жинағын пайдалануға арналған жеткілікті шектің көлемі өсті
atr.kz

1 сәуірден бастап Қазақстанда зейнетақы қаражатының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану үшін ең төменгі жеткілікті шегі өсті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Әр жастағы адам үшін зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегі туралы ақпарат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтында көрсетілген.

Жеткілікті меженің жаңа деңгейін enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасында танысуға болады. Осы орайда онлайн режимде зейнетақы жинақтары бойынша толық ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

Атап айтқанда, зейнетақы жинақтарын пайдалану мақсаттары өзгермеген. Қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға және ем-дом алуға жұмсауға болады.