Алматыда қаланың авиациялық коды түріндегі бақ отырғызылды

Алматыда қаланың авиациялық коды түріндегі бақ отырғызылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ағаштардан жазылған әріптер 3 гектардан астам аумақты алып жатыр.

Алматының Алатау ауданында 2,3 мың қылқан жапырақты ағаш отырғызу бойынша экоакция өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қоғам қайраткерлері Алматы әкімдігімен бірлесіп бүгін қалған аршаларды отырғызып, қаланың жаңа жасыл желегін жасады. Ағаштардан жазылған әріптер 3 гектардан астам аумақты алып жатыр.

ALA жазуы қонуға келе жатқан ұшақтың жолаушыларына көрінеді. Жоба авторы Дәуіт Шайхисламовтың айтуынша, бұл бақ Гиннестің рекордтар кітабына ағаштардан жазылған ең үлкен сөз ретінде кіре алады.

Ағаш отырғызуға демеушілер қол ұшын созған. Бақтың күтіміне Алатау ауданының әкімдігі мен Алматы қаласы экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының мамандары жауапты.