Ардагерлер Наурыз мерекесін тойлады

Ардагерлер Наурыз мерекесін тойлады
almaty-akshamy.kz

Медеу ауданына қарасты «Белсенді өмір сүру орталығы» Наурыз мерекесін атап өтуді жалғастыруда. Көктем мерекесін қаламыздағы ардагерлер ұйымы да атап өтті. Қариялар қауымы концерттік бағдарлама ұйымдастырып, бір-бірін әз-Наурыздың келуімен құттықтады.

Наурыз мерекесін қырық күн бойы атап өту дәстүрін мегаполисте былтырдан бері жаңғыртылуда. Ғасырдан жалғасқан әдет-ғұрыпты ақсақалдарымыз жастарға үлгі етіп насихаттауда. Наурыз мерекесін сәуір айында атап өткен олар концерттік бағдарлама ұйымдастырып, баршаны жаңару мен жаңғыру мерекесімен құттықтады.

Жалпы, бүгінгі таңда клубтың 100-ге жуық мүшесі бар. Қариялар бұл ұйымда бос уақытын тиімді өткізіп, жас ұрпақтың тәрбиесіне атсалысады. 

Концерт кезінде қариялар өнер көрсетіп, әннен шашу шашты. Наурыз мерекесін осылайша ардагерлер дүркіретіп атап өтті.