Ассамблеяның ХХХІ сессиясында қандай мәселелер көтеріледі?

Ассамблеяның ХХХІ сессиясында қандай мәселелер көтеріледі?
Сурет: Turkistan Media

ҚХА-ның алдағы сессиясы 29 сәуірде өтеді.

«Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның негізі» тақырыбындағы Ассамблея сессиясын шақыру туралы өкімге Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қоғамдық келісім» РММ директоры Ғалымжан Құсманғали Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында қандай мәселелер талқыланатынын айтып берді.

«Президенттің саяси өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталған жаңа саяси бастамалары аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының және оның қоғамдық құрылымдарының рөлі мен маңызын қарастыру қажет екені сөзсіз. Осы және басқа да мәселелер 29 сәуірде өтетін ҚХА-ның алдағы сессиясында талқыланады. Президент «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның негізі» күн тәртібімен Ассамблея сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды», - деді Ғалымжан Құсманғали.

Спикердің айтуынша, сессия екі күнге жоспарланған. Бірінші күні үш секцияда пікірталастар өтеді – «Ұлт келешегі және ҚХА-ны жаңғырту, «Халық бірлігі; білімнің, мәдениеттің және азаматтық қоғам мен бұқаралық медиа институттарының рөлі» және үшінші секцияның тақырыбы: «Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар сессиясы». Екінші күні ҚХА сессиясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтеді.