Қайрат Сатыбалдының бақылауындағы компаниялардың басшылары ұсталды

Қайрат Сатыбалдының бақылауындағы компаниялардың басшылары ұсталды
Сурет: Kapital.kz

Компаниялар теміржол тарифін негізсіз көтеріп, қыруар пайда тапқан.

Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы екі компанияның басшысы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігіне сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы әйелі Г.Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.

«Тергеу Қ.Сатыбалдыұлының бақылауындағы компаниялар – кірме теміржол желілері (соңғы километр) иелерінің ақша жымқырғанын анықтады», - делінген хабарламада.

Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы екі компанияның басшылары ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

«Аталған тұлғалар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының көмегімен елдегі қала құраушы кәсіпорындарға кіреберіс жолдарға қызмет көрсету тарифін негізсіз жоғарылату арқылы миллиардтаған пайда тапқан, бұл халықтың тіршілігін қамтамасыз ету қызметтері бағасының өсуіне әкелген», - деп атап өтті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Күдіктілердің кінәсін сот анықтайды.

Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпараттар жария етілмейді.