Қазақстанда екпе алушылардың қатары артты

Қазақстанда екпе алушылардың қатары артты
Сурет: Egemen.kz

Ревакциналаудан өткендер саны 2 553 326 адамға жетті.

СOVID-19 қарсы вакцина алушылар саны артып келеді. Өткен тәулікте бұл көрсеткіш тоғыз миллион 300 мың адамнан асты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің 2022 жылғы 25 ақпандағы мәліметі бойынша, Қазақстанда I компонентпен 9 374 285 адам, II компонентпен 8 972 473 адам вакцина салдырды. Ревакциналаудан өткендер саны - 2 553 326.

 2022 жылғы 25 ақпандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда PFIZER вакцинасын алған адамдар саны да артқан. Вакцина салдырған жасөспірімдердің саны 685 мың адамнан асқан.