Алматыда №7 троллейбус өртеніп кетті

Алматыда №7 троллейбус өртеніп кетті
Сурет: Astanatv.kz

Алматы қалалық ТЖД-ның мәліметінше, 2 сәуір күні таңғы сағат 08:04–те екі өрт сөндіру бөлімшесінің күштері мен құралдары Бостандық ауданы Сәтбаев пен Байтұрсынов көшесінің қиылысына жіберілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«3 минутта жеткен сәтте 10 шаршы метр аумақта өртенгені анықталды. Жолаушылар салоннан шығып үлгерген. Отқа оранған троллейбусті сөндіруге дереу сөндіру үшін көбік оқпандары берілді, көлік құралының конструкцияларын салқындатуға бөлек өрт оқпандары берілді», — деп хабарлады ТЖД-да.

Қабылданған шаралармен өрт сағат 08:10–да оқшауланып, сағат 08:15–те жойылды. Зардап шеккендер болған жоқ.