Алматыдан 100 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыдан 100 шақырым жерде жер сілкінді
Сурет: Autoger.ru

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі сағат 08:56-да жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 108 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,1. MPV магнитудасы - 4.4. Жер сілкінісінің координаттары – 43,13° с.е. 78,23° ш.б. Тереңдігі - 15 км.

Қаңтардың 22-нен 23-іне қараған түні алматылықтар қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында болған жер сілкінісін сезінді. Жерасты дүмпулері әлі тіркеліп жатыр.