Алматыда 133 мың бала мектептерде тегін тамақтанады

Алматыда 133 мың бала мектептерде тегін тамақтанады
almaty-akshamy.kz

Биылғы оқу жылында Алматының мемлекеттік мектептерінің барлық бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етілді

Оқушылардың жалпы санының 45%-ға жуығы немесе 133 мың бала мектептерде тегін тамақтанады. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова айтты. Бұл мақсаттарға жыл соңына дейін жергілікті бюджеттен 5,3 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Келесі жылы азық-түлік құнын 560 теңгеден 800 теңгеге дейін көтердік, 2023 жылдың бюджетінде бұл үшін 18 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылды.  Оқушыларды ұтымды теңгерімді тегін тамақпен қамтамасыз ету үшін маусымдық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, қаланың барлық мектептері үшін орталықтандырылған 4 апталық ас мәзірі бекітілген», - деп хабарлады Ә.Нүсіпова.