Алматыда 1 млрд теңгенің жалған автокөлік бөлшектері анықталды

Алматыда 1 млрд теңгенің жалған автокөлік бөлшектері анықталды
Сурет: Egemen.kz

Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторинг агенттігінің қызметкерлері 1 млрд теңгенің жалған автокөлік бөлшектерін анықтады.

Автокөлік мамандары мұндай өнімдер тез істен шығып қана қоймай, сонымен қатар адам денсаулығына қауіп төндіретінін атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Мысалы, сапасыз қосалқы бөлшектер көлік жүріп бара жатқанда бұзылып, жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін.

Осыған орай, сатып алынатын тауарлардың сапасы мен сертификаты бойынша тексеру қажеттілігіне назар аудару қажет.