Алматы тұрғынының қорасынан 8 мылтық табылды

Алматы тұрғынының қорасынан 8 мылтық табылды
Cурет: Polisia.kz

Күдікті қамауға алынды

Алматы полицейлері қала тұрғыннан сегіз «Сайга» қаруын тәркіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы ПД-не сілтеме жасап.
Алматы полицейлері Наурызбай ауданы тұрғынының қорасынан қару-жарақ, оптикалық көздеуіш және аңшылық құралдар тапты.

«Арнайы іс-шара кезінде 1984 жылы туған К.есімді азамат ұсталды, оның 5 қаңтарда «Камерад» қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқаны анықталды. Сонымен қатар, күдіктінің 12-ші калибрлі тегіс ұңғылы сегіз мылтықты ұрлағаны белгілі болды. Күдікті қару- жарақты сарайда жасырған. Барлық қарулар тәркіленді. Оларға сараптама тағайындалды», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

«Камерад» қару-жарақ дүкенінен қару-жарақ пен өзге де мүлікті ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі тергеп жатыр.

Күдікті қамауға алынды.