«Алматы-Адалдық алаңында» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы талқыланды

«Алматы-Адалдық алаңында» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы талқыланды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы талқыланды

«Алматы-Адалдық алаңында» 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Кездесуге «Алматы-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері және қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.

Талқылау барысында тұжырымдама жобасы таныстырып, стратегиялық құжаттың негізгі ережелері түсіндірілді.

«Алматы-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Айнұр Сабитова парасатты қоғамды қалыптастыру және азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту мәселелері кіретін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері» атты тұжырымдаманың бесінші бөліміне басты назар аударды.

«Бүкіл қоғамның күш-жігерін біріктіру арқылы біз азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетін қалыптастыра аламыз. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаты басшылыққа алынуға тиіс. Бұл сана мен моральдық ұстанымдардың өзгеруінен, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастырудан көрінеді», - деп атап өтті Айнұр Сабитова.

Іс-шара соңында қатысушылар осы стратегиялық құжатты жүзеге асыру мәселелері бойынша өз ойлары және идеяларымен бөлісті.

Сонымен қатар, Айнұр Сабитова қала жұртшылығына барлық ұсыныстарды adal.com.kz сайтына жіберуге болатынын айтты.