Еңбек инспекторлары жеті мыңға жуық жұмыскердің құқығын қорғады

Еңбек инспекторлары жеті мыңға жуық жұмыскердің құқығын қорғады
Сурет: Trudovoi-kodeks.ru

Оларға 1 млрд 754,5 млн теңге төленді.

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 6,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Осы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 434 кәсіпорнында 8,8 мың жұмыскердің алдында 1 млрд 996 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 298 нұсқама беріліп, 52,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң сақталуы тиіс кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 6,8 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 1 млрд 754,5 млн теңге төленді.