Алматы полициясы Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

Алматы полициясы Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті
Сурет: Inform.kz

Алматы полициясының қызметкерлері Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап. 

4 маусымда Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. 

1992 жылдың маусым айында тұңғыш рет Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. 

«Қызметтер мен бөлімшелердің қызметкерлері бұл мерекені таңғы сап түзеуде Әнұранды хормен орындаумен атап өтті. Бұл күн Мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде еліміздің тарихында мәңгі қалады. Қазақстан халқын маңызды мерекемен құттықтаймыз», – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.