Арықтан шыққан жағымсыз иіс тексерілуде

Арықтан шыққан жағымсыз иіс тексерілуде
Сурет: Otyrar.kz

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл тұрғындары сүт зауыты қалдықтары арық суына төгіліп, соның кесірінен жағымсыз иіс шыққанына шағымданды, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облыстық экология департаментінің мамандары тұрғындардың шағымынан кейін Лабасы ауылдық округіне барып, жағдайды тексеріп жатыр. Халық арыздарын әлеуметтік желіге видео түрінде жүктеп, жеткізген.

«Департамент өкілдері Лабасы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Зертхана мамандары судан сынама алды. Қазір барлығы тексеріліп, шыққан қорытынды бойынша тиісті шара қолданылатын болады. Аталған мәселені экология департаментінің басшылығы бақылауға алды», - делінген Алматы облыстық экология департаментінің хабарламасында.