Алматы полициясы көше тонаушысын ұстады

Алматы полициясы көше тонаушысын ұстады
Сурет: Polisia.kz

Ол жалғызбасты адамдарға шабуыл жасаған.

Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 32 жастағы А.есімді азамат ұсталды. Ол қылмысты Алматы қаласының Әуезов ауданында жасаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Күдікті ұсталды және, ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес, ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол ҚР ҚК-нің 191-бабы бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікке ілінген. Тергеу барысында қаскөйдің заңсыз баю мақсатында өтіп бара жатқан адамды ұрып-соғып, телефоны мен ақшасын тартып алғаны анықталды. Күдікті өз қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта оның жеке басының Алматы қаласында осыған ұқсас, бұрын жасалған қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Біз оның әрекетінің сериялық сипатын жоққа шығармаймыз», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.